Маңғыстауда сот қызметкерлері мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту курстарын бітірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің 45 қызметкері Ақтау қаласындағы «Парасат» оқу орталығында мемлекеттік және ағылшын тілдерін дамыту курсын тәмамдады. Орталық басшылары тыңдаушыларға салтанатты түрде білім меңгеру деңгейлеріне сәйкес сертификаттар табыс етті. 

Аталған оқу орталығында «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында 3 ай бойы  барлығы 300 мемлекеттік қызметкерге білім берілді. Курс барысында олар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін - қарапайым қарым-қатынас жасау деңгейінен құжаттарды өз бетінше дайындау және өз ойын мемлекеттік тілде емін-еркін жеткізу деңгейіне, ал, ағылшын тілін базалық деңгейден қарым-қатынас жасау деңгейіне дейін көтерді. Оқу орталығындағы білікті мамандар мемлекеттік тілді біркелкі қолдану және тіл мәдениетін арттыру мақсатында қазақ тілінің функционалдық қызметінен бастап, оның салалары, жаңа терминдер, іс-қағаздар жүргізу стилі, ресми құжаттарды дайындау туралы білім берді. Ал, үш тұғырлы тіл саясаты аясында ағылшын тілі бойынша мемлекеттік қызметкерлер «төменгі-Begginer», «бастапқы-Elementary» және «жалғастырушы-Pree-Intermediate» деңгейлері бойынша білімдерін толықтырды. Оқыту курстары мемлекеттік бағдарлама аясында жергілікті әкімдік есебінен мемлекеттік қызметкерлерге тегін жүргізілді.

 

 

 

Источник: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі