Архив событий

04/10/2017

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың пәтер дауы сот арқылы шешімін тапты

04/10/2017

Талап қоюшы  К. сотқа берген талап арызында төрт жасында ата-анасы оны облыстық балалар үйіне бергенін, 2008 жылдың 22 тамызынан бері жетім бала ретінде тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, алайда Ақтау қаласы әкімдігінің 09 қаңтар 2017 жылғы хаттамасы негізінде тұрғын үйге мұқтаж адамдардың тізімінен шығарылғандықтан, оның әрекетін заңсыз деп танып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін қайтадан қалпына келтіруді сұраған.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

04/10/2017

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қарыз өндірілді

04/10/2017

Жаңаөзен қалалық сотында  талап қоюшы А-ның жауапкер Б.-дан  қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Қарыз өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

04/10/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жауапкер Н-дан банк заем шарты бойынша қарызды өндіру туралы  азаматтық іс  қаралды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-бөлігінің 1 тармақшасына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Ортақ мүлікті күтіп ұстауға және пайдалануға арналған міндетті төлемдер бойынша берешек қарыз өндірілді

04/10/2017

Жаңаөзен қалалық сотына «М» ПИТК талап арызбен жүгініп, жауапкер М. есімді азаматтан ортақ мүлікті күтіп ұстауға және пайдалануға арналған міндетті төлемдер бойынша 84 579 теңге берешегін өндіруді сұрады.