Архив событий

11/10/2017

1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды

11/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 596-бабының 3-бөлігімен  (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына  оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады)   Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                                  

Көрнеу жалған нөмірмен көлік жүргізген

11/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   Б.  Ақтау қаласы, «Рекон» тұрғын-жай аумағындағы  «ПМК» өндірістік  мекемесіне қарсы тас жолда көрінеу жалған «066СМА12» мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі бар  көлік құралын басқарған.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

11/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608- бабының 1-бөлімімен   Б-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, жол қозғалысы ережелерінің 2.4.2 тармағында қаралған тәртіпті бұзған.

Тараптар татуласу келісіміне келді

11/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында екінші деңгейлі банктің У. есімді азаматтан қарыз ақшаны кепілге қойылған мүліктен сот тәртібімен өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

11/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында Д-ның қалалық әкімдік атына келтірген қызметтік пәтер алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, арыз беруші құқық қорғау мекемесінде жұмыс жасап жүріп, әкімдікке қызметтік пәтер беру туралы арызбен жүгінген. Алайда, әкімдік оның басқа елді мекенде тіркеуде тұратынын негізге алып, оған қызметтік пәтер беруден бас тартып, кезектен алып тастаған.