Архив событий

24/10/2017

Сот борышкердің жүргізуші куәлігі құжатының қолданылуын уақытша тоқтатты

24/10/2017

Ақтау  қалалық  №2 сотында  Ақтау қалалық алименттер өндіру бөлімінің   аға  сот  орындаушысы  Х-ның борышкер Ч-ның  арнайы құқық  беру  құжатынын  уақытша  тоқтату  туралы  ұсынымы қаралды.

Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған

24/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Әзербайжан Республикасының азаматшасы О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Заңды тұлға банкрот деп танылды

24/10/2017

Арызданушы «РСО» ЖШС-і Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге дәрменсіз болған соң  өзін банкрот деп тану туралы арызбен жүгінген.

Борышкер өз арызында банкрот деп тануды сұраған.

Сотпен банк шарты бойынша комиссия төлеу бөлігі заңсыз деп танылды

24/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында К.-ның банкке заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен азаматтық іс қаралды.