Маңғыстау облыстық сотының төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы  - Рахымбеков Ербол Мұқажанұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына Рахымбеков Ербол Мұқажанұлы  тағайындалды.

Анықтама:

Ербол Рахымбеков 1964 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

1989-1990 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының нотариаттық конторасының нотариусы;

1990-1991 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының халық кеңесінің депутаттары президиумының заңгері;

1991-1994 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Булаев аудандық сотының судьясы;

1994-1996 жылдары  Қарағанды облысының Нұрын аудандық сотының судьясы;

1996-2000 жылдары Қарағанды облысының Нұрын аудандық сотының төрағасы;

2000-2001 жылдары  Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының Киров сот учаскесінің аға судьясы;

2001-2001 жылдары Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының судьясы;

2001-2002 жылдары  Қарағанды қаласының №3 Октябрь аудандық сотының төрағасы;

2002-2008 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының төрағасы;

2008-2010 жылдары Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы;

2010-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы;

2012-2014 жылдары  Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы;

2014-2016 жылдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының төрағасы; 

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы;

2018 жылдан бастап қазіргі тағайындалуға дейін - Шымкент қалалық сотының төрағасы.