Архив событий

16/10/2017

Маңғыстауда сот қызметкерлері мемлекеттік және ағылшын тілін оқыту курстарын бітірді

16/10/2017

 

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің 45 қызметкері Ақтау қаласындағы «Парасат» оқу орталығында мемлекеттік және ағылшын тілдерін дамыту курсын тәмамдады. Орталық басшылары тыңдаушыларға салтанатты түрде білім меңгеру деңгейлеріне сәйкес сертификаттар табыс етті. 

Маңғыстау облыстық сотында үміткерлер судьялыққа кандидатқа арналған бір жылдық тағылымдамадан өту үшін оң қорытынды алды

16/10/2017

Маңғыстау облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттар бойынша судьялыққа кандидаттар арасынан бір жылдық тағылымдамадан өтетін тұлғаны іріктеу комиссиясының  отырысы өтті.

Кандидаттар туралы мәліметтер Маңғыстау облыстық сотының интернет-ресурсында жарияланды. Судьялыққа үміткерлер тағылымдамасынан өтуге қатысу үшін құжат тапсырған тұлға жөнінде өздерінің жеке пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие болды.