Архив событий

02/10/2017

Ақтауда сот банк клиентінің пайдасына банктен қарызға қызмет көрсету үшін төлеген комиссия төлемін өндірді

02/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында Х.-ның банкке заем келісім шартының қарызға қызмет көрсету үшін комиссия төлеу туралы бөлігін заңсыз деп тану және ұсталған комиссияны кейін қайтару жөніндегі талап арызымен азаматтық іс қаралды.

Ортақ мүлік тең бөлінді

02/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс медиативтік келісіммен аяқталды.

Сот отырысында тараптар дау бойынша өзара келісіп, жасақталған медиативтік келісімдерін ұсынып, соттан оны бекітуді сұрады.

Атқару өндірісінен туындайтын даулар талқыланды

02/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында судьялардың, мемлкеттік және жеке сот орындаушылардың, қалапрокурорларының қатысуымен «Атқару өндірісінен туындайтын даулардың сот практикасы»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Заң кәмелетке толмаған балаларға қарасуды міндеттейді

02/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотына Г. кәмелетке толмаған балаларының әкесінен алимент өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сотта анықталғандай, некеде тұрған уақытта бұрынғы ерлі-зайыптыларда екі бала туылған, олар қазіргі уақытта анасымен бірге тұрады. Балалардың әкесі жанұясымен бірге тұрмайды және оларды күтіп-бағуға көмектеспеген.