Архив событий

13/10/2017

Пилоттық жоба бойынша азаматтық іс жүргізу тоқтатылды

13/10/2017

Бейнеу аудандық сотына талап қоюшы Г-ның жауапкер М-мен арадағы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша істі сот талқылауына дайындау әрекеттерін жүргізу кезінде пилоттық жобаға сәйкес талап қоюшы мен жауапкер  Бейнеу ауданының кәсіби медиаторына барып, медиативтік келісімге қол жеткізгендері туралы келісімді ұсынды.

Сотта анықталғандай, келісімде талап қоюшы Г. жауапкерге қойған талабынан толықтай бас тартатынын, ал жауапкер М. ішкі отбасылық мәселелерді өзара шешуге міндеттенетінін көрсеткен.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

13/10/2017

Бейнеу аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігімен М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тараптар келісімге келді

13/10/2017

Маңғыстау облысының ауданаралық экономикалық сотына ЖК «C&A» С.Сенбаеваның  жауапкер  «Индустриальный парк Мангистау» ЖШС-нен 8 923 225 теңге қарыз ақша, 493 606 теңге  өсімпұл өндіру туралы  талап  қою  арызы оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу  тәртібімен қабылданды.

Азаматтық іс бойынша  тараптар  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу  туралы  ортақ  келісімге  келді.

Азаматтық іс оңайлатылғын тәртіппен қаралды

13/10/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талап қоюшы «Булат» ЖПИК-нің жауапкер «Ақтау қаласы әкім аппараты» ММ-нен  69 981 теңге қарыз сомасын және 10 333 теңге өсімпұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.

Ата-анаға әкімшілік айыппұл салынды

13/10/2017

Қарақия аудандық  сотында ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы  3 бөлігімен құқық бұзушы  М.Б.-ға қатысты әкімшілік  іс қаралды.  Құқық бұзушы М.Б.-ға  әкімшілік айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан 2017 жылдың 23 шілдесінде 23.00 кейін оның баласы кәмелетке толмаған Б.Ү. заңды өкілінсіз көшеде жүргендігі орын алғаны үшін хаттама толтырылған.

ПИТК-дан қарыз өндірілді

13/10/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «МАЭК-Казатомпром» ЖШС «Татьяна» ПИТК-нен 160 454,38 теңге негізгі борышын және 7374,31 теңге тұрақсыздық айыппұл өндіру туралы талабымен жүгінген.

Өз талабында «Татьяна» ПИТК ортақ мүлікті күтіп ұстауға жұмсалатын энергетикалық ресурстар туралы келісім шарт бойынша жылу жүйелерін шаю үшін су және жылу энергияларын қолданғанын, алайда жауапкер қолданылған энергетикалық ресурстарға төлеу міндеттемелерін орындамағанын көрсеткен.

Көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын басқарған

13/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   С.  автокөлігін қасақана, көрінеу жалған R677FВM мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісімен  жүргізіп, жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын пайдалану) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Сот серіктестіктің талабын қанағаттандырды

13/10/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген «Азия Тас-1000» ЖШС өз талабында келісім шарт негізінде Компания «ЗБАРАС» ЖШС-не тауар жеткiзiлiмiнiң шарты бойынша сатып алатын тауарды  табыс еткенін, алайда жауапкер өз міндеттерін тиісті түрде орындамай жүргенін, сол себепті жауапкерден 5 116 000 теңге негізгі борышын және 644 616 теңге тұрақсыздық айыппұлды өндіруді сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процесстік кодексінің 145-бабына сай бұл іс оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Үлестік өтемақы өндірілді

13/10/2017

Талапкер Н. жауапкерлер Н.У., Н.А., Н.Е. және Н.Е.-дан барлық мүлік құнынан 10% үлестік өтемақы  өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Заңды тұлғаға айыппұл салынды

13/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабы 1 тармағы бойынша (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) «Golden Towers» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.