Маңғыстау облыстық сотының тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотының тарихы

Әрбір мекеменің өзінің тарихы, өмірбаяны болады, оны құратын сонда жұмыс істейтін адамдар екені бәрімізге мәлім.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумінің 1973 жылғы 23 наурыздағы жарлығына сәйкес Маңғышылақ облысының құрылғанына байланысты Маңғышылақ (қазіргі Маңғыстау) облыстық соты құрылды.

Маңғыстау облысының соттар жүйесінің құрылып, қалыптасуының бастауында өздерінің бүкіл күш-жігерін, ақыл-ойы мен білімін заңдылық пен әділеттіліктің берік орнығуына жұмсаған жандар тұрды. Тәуелсіздік жылдары Маңғыстау облыстық сотының төрағалары болып қызмет атқарғандар;  1991–1996 жылдары Қ.Т.Мамбетов, 1996–2002 жылдары Н.Қ.Чиняев, 2002–2007 жылдары М.Қ.Смағұлов, 2007–2011 жылдары С.Ж.Абдуллаев, 2011-2015 жылдары Д.С.Әміров, 2015-2018 жылдары Ж.Р.Аланов, 2018-2021 жылдары Е.Даулиев, 2021-2023 жылдары Б.Әметов.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен бұрынғы Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Мамбетовке «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген заңгер» атты құрметті атақ берілген болатын.

Маңғыстау облыстық сотының алғашқы төрағасы, 20 жылдан астам уақыт бойы басқарған Қ.Т.Мамбетовті еске алуға байланысты, 2011 жылы 14 мамырда Ақтау қаласы 7 ықшам аудандағы  тұрған үйінде құрмет тақтасы салтанатты түрде ашылды.

1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздік алған Қазақстан  барлық салада мемлекеттік және қоғамдық өмірде өзгерістер болуын талап етті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық міндеті: сот жүйесінің қалыптасуы мен құрылуының жаңа түрін енгізу, құқықты мемлекетке жататын толық көлемдегі соттың өкілеттігін беру, оның жоғарғы және әлеуметтік жауапкершілігін бекіту болып табылады.

Қазіргі кезеңде облыс бойынша облыстық сот және 14 аудандық және оған теңестірілген соттары құрылған, соттардың ішінде ең үлкені болып 15 судьядан тұратын Ақтау қаласы № 2 соты болып табылады. Облыс бойынша 80-ге жуық  судья қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары облыс бойынша 8 сот құрылды: Маңғыстау облысының мамандандырылңан экономикалық соты, Ақтау қаласы № 2 соты, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының мамандандырылған әкімшілік соттары, Мұнайлы аудандық соты және Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу соты.

1991 – 2011 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы соттар жүйесінің құрылуына үлес қосқаны үшін «Құрмет» орденімен Маңғыстау облыстық сотының бұрынғы төрағасы С.Ж.Абдуллаев марапатталған.

Облыс бойынша «Жылдың үздік судьялары» болып қазіргі кезде доғарыстағы судьялар И.О.Орынбаев, Қ.Қ.Қабақов, К.Ш.Ахмедова, Д.Б.Жусупова, С.Қ.Қауылтай, В.Н.Ким, М.С.Оразбаева, облыстық соттың судьялары А.А.Молбаева, Б.К.Мырзабеков, Ш.О.Есбағанбетов,  М.Е.Аубакиров болған.

Тәуелсіздік жылдары судьялар қауымдастығының аталған органдарын басқарғандар: 1991–1996 жылдары И.О.Орынбаев; 1996–2001 жылдары Ш.О.Есбағанбетов; 2001–2007 жылдары М.С.Оразбаева; 2007–2008 жылдары Н.Ж.Ізмағанбетов; 2008–2010 жылдары С.Қ.Қауылтай.

2001 жылы 27 шілдеде құрылған судьялардың тәртіптік комиссиясын басқарғандар: 2001–2004 жылдары Г.М.Иманғалиева; 2004–2007 жылдары Қ.Ш.Ахмедова; 2007–2009 жылдары Ғ.Б.Бастаубаев.

1997 жылы 28 мамырда «ҚР Судьялар Одағы» республикалық қоғамдық кеңесінің Маңғыстау облыстық филиалы құрылып, төрағалары болып қоғамдық жұмыс атқарғандар: 1997–2002 жылдары А.Ө.Ақболатов; 2007–2009 жылдары Ғ.Х.Шаров; 2009-2013 А.И.Нағашыбаев, 2014 жылы А.О.Акбулатов, 2017-2019 жж. Р.С.Бейсенов, 2019 жылдан осы күнге дейін А.Тленов.

Облыс бойынша соттарда судьялармен қатар сот ісін жүргізуді тиісті дейгейде жүзеге асырып отырған кеңсе мамандарының, қызметкерлерінің жұмысын атап өту қажет. Олардың жұмыстарының көрсеткіштерінсіз, соттың алдына қойған мақсаттарына уақытылы және сапалы жету мүмкін емес. Соттарға қойылған жүктемелердің көбеюіне байланысты, олардың жұмыстарын тиісті дәрежеде ұстау үшін, штаттық кестенің өсуіне әкеліп соқтарды. Облыс бойынша кеңсе қызметкерлерінің саны 1991 жылы 47 бірлікті құраса, қазіргі кезде 219 бірлікті құрайды.

Мемлекеттік қызметтегі ерен еңбегі үшін Қарақия аудандық сотының бұрынғы кеңсе меңгерушісі З.Т.Өтепбергенованың сотта 38 жылдай еңбек еткеніне байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Облыстың судьялары тұрақты түрде спортпен айналысады. Облыстың құрама судьялар командасы жарыстарда жыл сайын жүлделі орындарға ие болуда, дәлел ретінде мұражайда барлық марапаттау құжаттары сақталған.

Маңғыстаулықтар осы облыстың сот саласында қызмет атқарған келесі судьяларды, кейін олар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары болғандар: Н.Т.Суханованы, Т.С.Берқалиеваны, Г.А.Мақажанованы, Н.Ч.Жолдасбаеваны, сонымен қатар отставкадағы судьяларды М.Н.Нұрбековты, Г.К.Стикулованы, Д.Б.Жусупованы,  М.К.Смағұловты, С.Ж.Абдуллаевты,  М.Қ.Сабырбаевты, Н.Қ.Чиняевты аса құрметпен еске алады.

Біздің қоғам және сот, бөлінбес бөлшек ретінде тұрақтану кезеңінен өтті. Жиырма бес жыл ішінде жеткен табыстарымызға айналамызда болып жатқан ізденістерге көңіл бөлуді, өткен жолдарымызды бағалауды, алға батырлықпен қарауға, болатын өзгерістер мен оны жоспарлауды талап етеді. Сот ғимараттары ешқашан босамаған, бұл жаққа адамдар әр түрлі сұрақтар мен мәселелермен келуде, себебі осы жерде өзінің құқығын қорғау үшін соңғы алқа ретінде бағалайды.

Адалдық, даналық, әділеттілік – осылар сот билігінің символдары. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында осы аталған символдарды нақты іске асыру – бұл біздің басты міндеттеріміз.