Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық сотының жаңа төрағасын таныстырды

23/04/2024

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы  Асламбек Мергалиев Президенттің  2024 жылғы  19 сәуіріндегі Жарлығына сәйкес Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Ербол Мұқажанұлы Рахымбековты ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Аталған іс-шараға Жоғарғы Соттың төрағасы  А.Мергалиев,  Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаев, мемлекеттік орган және құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, ардагер судьялар, сот қызметкерлері қатысты.

«Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы өңір судьяларымен кездесті

19/04/2024

Маңғыстау облыстық сотында «Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы С.Абдолланың Қазақстан судьяларының ІХ съезіне дайындық және өткізуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Маңғыстау облыс судьяларымен кездесуі өтті.

Кездесуге Маңғыстау облыстық сотының төрағасы м.а. Б.Елемесов, облыстық  судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары және судьялары, сот қызметкерлері  қатысты.

Сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

17/04/2024

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының С-ке қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.

Бірінші саты сотының үкімі бойынша

Жол қателікті кешірмейді

16/04/2024

Мұнайлы аудандық сотында ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны:

Сотталушы А. басқаруындағы «Toyota 4Runner» автокөлігімен «Ақтау-Жаңаөзен» орталық жолында оң жақ жолақта автокөлік келе жатырғанын көріп, жол беру үшін тежеуішті басып, автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғып, жол-көлік оқиғасын жасап тұрған «Lexus ES 300» автокөлігіне және жүргізушісі М-ға соғып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Нәтижесінде,  жәбірленуші М. алған дене жарақаты салдарынан есін жимастан қайтыс болған.

Тренингте «кінәсіздік презумпциясының» ерекшеліктері түсіндірілді

16/04/2024

Маңғыстау облыстық сотында «Кінәсіздік презумпциясы» тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шараға  Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық  істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы, облыстық соттың судьялары қатысты.

Аталған тренингті Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Шайдуллин жүргізіп, спикер Ата Заңымыздың өзінде  адамға қатысты сот шешімі заңды күшіне енбейінше, ол адам кінәлі болып табылмайтыны көрсетілгенін және «кінәсіздік презумпциясының» ерекшеліктері туралы атап өтті.

Жас судьяларға сот актісінің сапасын арттырудың маңыздылығы түсіндірілді

16/04/2024

Маңғыстау облыстық сотында  жас судьялардың  қатысуымен сот актілерінің сапасын арттыру мақсатында семинар сабағы өткізілді.

Іс-шараға тәлімгерлер кеңесінің  мүшелері  және жас судьялар қатысты.

Іс-шараның мақсаты - жаңадан тағайындалған  судьяларға тәжірибелік көмек көрсету, сот шешімдерінің сапасын арттыру және кәсіби қызметін жетілдіру.

Семинар сабағында сөз алған А.Бекболатов сот актілерін сапалы жазу, сот шешімі жария етілгеннен кейін оны қабылдаудың құқықтық негіздері мен салдарларын ауызша түсіндіру мәселелеріне назар аударды.

Сот қызметкерлері сенбілікке шықты

13/04/2024

Сенбінің таңы сот қызметкерлері үшін сенбілікпен басталды.

Сенбілікке Маңғыстау облыстық соты, аудандық және оған теңестірілген соттардың сот қызметкерлері бір кісідей, жұмыла атсалысты.

Әрбір соттың ұжымы бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік - тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға шақырып, экологиялық мәдениет пен санитарлық жағдайды жақсартуға әсер ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, сенбілік - бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара.

«Playstation-5» -ді уақытша пайдалануға алып, «Актив ломбардқа» тапсырып жіберген

12/04/2024

Мұнайлы аудандық сотында Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж.  Қызылтөбе ауылы көлемінде жәбірленуші Е-мен  кездесіп, соңғыға тиесілі «Playstation-5» ойын приставкасы мен джойстик құрылғысын 3 тәулік мерзімге уақытша пайдалануға 12 000 теңгеге алып, «Актив ломбардқа» 130 000 теңгеге тапсырып, түскен қаражатты өзінің қажеттілігіне пайдаланған.

Нәтижесінде Ж. жәбірленушіге 350 000 теңге материалдық шығын келтірген.   

21 жасқа толмаған тұлғаға темекі бұйымын сатқан

10/04/2024

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 423-1-бабының 1-бөлігімен (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату) жеке кәсіпкер «Т»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Мемлекеттік қызметші - қоғам айнасы

10/04/2024

Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағы барысында сот әкімшісінің басшысы Н.Самендирова қызметкерлердің мінез-құлықтың жалпы стандарттарын түсіндірді. Сонымен қатар, спикер сот мамандарының назарын жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, жұмыстан тыс уакытта қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге, іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтауға аударды.

Беттер