Архив событий

25/10/2017

Маңғыстау аудандық сотының төрағасы таныстырылды

25/10/2017

Бүгін Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Маңғыстау аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалған Жанәділов Жұмабай Жолдасбайұлын ұжымға салтанатты түрде таныстырды.

Құрметті оқырмандар!

25/10/2017

2017 жылғы 10 қарашада сағат 14.00-де Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Бизнестің сот қорғауы» жобасын жүзеге асыру аясында республиканың барлық аймақтарымен бейнеконференцбайланыс арқылы «Корпоративтік дауларды шешудің сот практикасы» тақырыбында семинар өткізеді.

«Сот кабинетінің» жаңа мүмкіндіктері

25/10/2017

Қарақия аудандық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қарақия аудандық сотының судьялары, ішкі істер бөлімінің өкілдері, ЖШС басшылары мен сот қызметкерлері қатысты.

Әкімшілік айыппұл салынды

25/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында А-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлігімен (Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) әкімшілік іс қаралды.

Қоғамдық орынды ластаған

25/10/2017

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен қарыз ақша өндірілді

25/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында  талап қоюшы М.-ның жауапкер А-дан 2 500 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік бажға жұмсалған 25 000 теңгені өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.