Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сматов Исатай Маратович,

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

 

 

 

Сматов Исатай Маратұлы  - 1978 жылы Қызылорда өңірінде дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, заң ғылымының кандидаты. 

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2003 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

1995-1997 жылдары АҚШ-тың «Bradford College» және «University of Tulsa» оқу орындарында, 2017 жылы «Болашақ» оқу бағдарламасы бойынша «INTO City University of London» Ұлыбритания, Лондон қаласында білім алған.

Алғашқы еңбек жолын прокуратура органынан бастап, 2000-2006 жылдары Қызылорда қалалық және облыстық прокуратураларында қызмет жасаған.

2006-2008 жж. Қызылорда қалалық сотының  судьясы, 2008-2014 жж. Қызылорда қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы,  2014-2020 жж.  Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

2020 жылдан бастап осы күнге дейін  Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы болған.

ҚР Президентінің 28 маусым 2021 жылғы №607 Жарлығымен  Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік  істер жөніндегі  сот алқасының төрағасы  болып тағайындалды.

Бірнеше рет ҚР Судьялар Одағының филиалдарында төрағалық қызмет атқарған.

ҚР Жоғарғы Соты мен Судьялар Одағының Құрмет грамоталарымен, облыс әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісінің иегері.

 

N

Т.А.Ә.

1.

Сматов Исатай Маратұлы

2.

Аубакиров Мурат Ескендирович

3.

Қарабаев Ержан Өсерханұлы