Архив событий

17/10/2017

Әкімшілік айыппұл салынды

17/10/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы)  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ел аумағынан шығарылды

17/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында Маңғыстау облысы ішкі істер департаментінің көші-қон қызмет басқармасы халықтың көші-қон сұрақтары бойынша уәкілетті органның Өзбекстан Республикасының азаматы Д-ны Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығарып жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған

17/10/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жеке тұлға Б. сағат 23:30 шамасында Жаңаөзен қаласы, Көктем шағын ауданында орналасқан «Қуаныш» азық-түлік дүкенінде азамат А-ға үш дана этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатын «Парламент»  арағын сатқан.

Сот мүліктік үлесті тең бөлді

17/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер Ж.-дан ортақ мүліктегі үлесін 100 пайыз деп анықтау, сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Қарыз ақша өндірілді

17/10/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы Ж-ның жауапкер Т.-дан 500 000 теңге қарыз ақшаны және мемлекеттік баж төлеуге жұмсалған 5 000 теңгені өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.