Жалпы отырыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

                                                                                  Маңғыстау облыстық сотының

                                                                                  2016 жылғы 24 ақпандағы жалпы

                                                                                  отырысының №1 қаулысымен

                                                                                  БЕКІТІЛГЕН

 

                                                             Маңғыстау облыстық сотының жалпы отырысының

                                                                                       РЕГЛАМЕНТІ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

         1-тармақ. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына сәйкес жалпы отырыс Маңғыстау облысының органы болып табылады. Оның мәртебесі, құзыреті, отырыстарды өткізудің шарттары мен тәртібі, облыстық сот төрағасының, жалпы отырыс хатшысының өкілеттігі, жалпы отырысқа сұрақтарды дайындау рәсімі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңымен, «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Қазақстан республикасы Заңымен, «Сот жюриі туралы ережемен» және осы Регламентпен анықталады.

        

        2-тармақ. Облыстық соттың жалпы отырысы:

  1. сот алқаларының сандық және дербес құрамдарын белгілейді;
  2. сот төрағасы мен сот алқалары төрағаларының  ақпаратын тыңдайды;
  3. сот тәжірибесін талқылайды және оның нәтижелері бойынша облыс соттарының сот төрелігін атқаруы кезінде заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
  4. уәкілетті органның облыстағы аумақтық облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысы лауазымына адамды тағайындауға уәкілетті органға келісім береді;
  5. облыстық соттар әкімшісі басшысының атқарған қызметі туралы есебін тыңдайды;
  6. облыстық, аудандық соттардың судьяларының, сондай-ақ аудандық соттың төрағаларының бос қызмет орнына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар қабылдайды;
  7. уәкілетті органның облыстағы аумақтық облыстағы аумақтық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату туралы уәкілетті органға ұсыныс енгізеді;
  8. судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту нәтижелерін қарайды және тиісті қорытынды береді;
  9. судьяның доғарысқа кету құқын бекіту жөніндегі материалды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылдайды;
  10. облыстық соттың жалпы отырыс төралқасының регламентін бекітеді және төралқа құрамына облыстық соттың екі судьясын екі жыл мерзімге сайлайды;
  11. заңмен белгіленген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тармақ. Маңғыстау облыстық сотының жалпы отырысы төраға, сот алқаларының төрағалары және облыстық соттың судьялары құрамында әрекет етеді және облыстық сот судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды болады. Маңғыстау облыстық соты судьяларының жалпы саны деп жалпы отырыс өткізілетін күніне сәйкес келетін облыстық сот судьяларының тізімдік құрамы түсініледі. Жалпы отырысқа мәжілісіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің өкілдері, Маңғыстау облыстық соттар әкімшісі басшысы, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, шақырылған судьялар дауыс беру құқынсыз қатысулары мүмкін. Жалпы отырыстың жұмыс тәртібі өздері бекіткен регламентпен айқындалады.

4-тармақ.  Маңғыстау облыстық сотының жалпы отырысы қажеттілігіне қарай, жылына кемінде екі рет шақырылады. Кезектен тыс жалпы отырыс облыстық сот төрағасының бастамасы бойынша шақырылады.

5-тармақ.  Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының төрағалық етуімен жүргізіледі.

Жалпы отырыстың барлық қаулыларына төрағалық етуші мен жалпы отырыс хатшысы қол қояды.

Жалпы отырыстың қызметін қамтамасыз ету жүктелген облыстық соттың кеңсесіндегі ұйымдастыру-талдау бөлімінің мемлекеттік қызметшілері ішінен белгіленген техникалық хатшы жалпы отырыстың хаттамасын жүргізеді. Хаттамаларға календарлық жылға реттік номерлер беріледі.

6-тармақ.  Жалпы отырыс хатшысының кворум бар екендігі және жалпы отырыстың жұмысына шақырылған тұлғалардың қатысуы туралы баяндамасынан кейін отырысты ашу туралы мәселе шешіледі.

7-тармақ.  Күн тәртібі, оған өзгерістер мен толықтырулар, жұмыс тәртібі отырысқа қатысып отырған судьялардың ашық дауыс беруімен көпшілік дауыспен бекітіледі.

 8-тармақ.  Жалпы отырыс барысында төрағалық етуші:        

-отырыстың жалпы барысын басқарады; осы Регламенттің сақталуын бақылайды,

-кезектілік тәртібімен күн тәртібіне, осы Регламент талаптарына сәйкес немесе жалпы отырыс шешімімен анықталған өзге де тәртіпте сөйлеу үшін сөз береді;

-процедуралық мәселелер бойынша кезектен тыс сөз береді;

-дауыстарды санауды әрбір ұсыныстың түсу тәртібі бойынша дауысқа салады;

-ашық дауысқа салуды және дауыстарды санауды ұйымдастырады, дауыс беру нәтижелерін жариялайды;

-осы Регламенттің ережелері бұзылған жағдайда жалпы отырыстың қатысушыларына ескерту жасауға құқылы, ал қайта бұзу кезінде оларды сөз сөйлеуден айыруы мүмкін;

жалпы отырыс жұмысына кедергі келтірген шақырылған тұлғаларды ескертуден кейін отырыс залынан шығарып жіберуге құқылы.

 

9-тармақ. Жалпы отырыстың қаулылары жалпы отырысқа қатысушы облыстық соттың судьяларының ашық дауыс беруімен көпшілік дауыспен қабылданады.

Кадрлық және басқа мәселелер бойынша дауысқа салу жасырын болуы мүмкін.        

 

10-тармақ. Процедуралық мәселелер бойынша жалпы отырыстың шешімдері жалпы отырысқа қатысушы облыстық соттың судьяларының ашық дауыс беруімен көпшілік дауыспен қабылданады.                   

Процедуралық мәселелер: күн тәртібін бекіту, жүргізу тәртібі, үзіліс, отырысты кейінге қалдыру, талқылау кезектілігі, жарыссөздерді тоқтату, сөз сөйлеу уақытын шектеу немесе ұзарту, дауыс беру тәсілдері, кворумды және дауыстарды қайта есептеуді растау туралы болып табылады.

 

11-тармақ. Дауысқа салуды бастаудың алдында төрағалық етуші дауысқа салынуға қойылған ұсыныстардың санын көрсетеді, олардың тұжырымдарын нақтылайды, кімдердің өз ұсыныстарын кері қайтарып алғанын, жалпы отырыс мүшелерінің дауысқа салу түрі туралы (жасырын немесе ашық) пікірлерін анықтайды.

 

12-тармақ. Дауыс беру кезінде төраға, алқа төрағасы және облыстық сот судьясы бір дауысқа ие және оны ұсынысты қолдау үшін немесе оған қарсы береді. Дауыс беруден ешкім қалыс қалуға құқылы емес. Дауыстар тең түскен жағдайда шешім қабылданбаған деп есептеледі.   

 

13-тармақ. Жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижелерін анықтау үшін жалпы отырыс көпшілік дауыспен құрамында кемінде үш судьядан тұратын есеп комиссиясын сайлайды. Есеп комиссиясы өзінің төрағасы мен хатшысын дербес сайлайды. Есеп комиссиясының құрамына кандидатуралары бос лауазымға немесе сайланбалы органдар құрамына ұсынылып отырған тұлғалар енгізілмейді. Жалпы отырыс есеп комиссиясын сайлау туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

 

14-тармақ. Дауыс беру үшін қажетті ақпараты бар бюллетеньдер есеп комиссиясы белгілеген нысанда және санда шығарылады.

 

15-тармақ. Дауыс берудің уақыты мен орнын, оны жүргізудің ретін есеп комиссиясы белгілейді және оның төрағасымен хабарланады.

 

16-тармақ. Әрбір дауыс берушіге мемлекеттік және орыс тілінде толтырылған бір бюллетень беріледі. Кандидатуралар, ұсыныстар бойынша пікірлер тиісті орындарға «жақтап дауыс беремін» немесе «қарсымын» деген белгі қою арқылы нақтыланады. Дауыс беруші қай тілдегі бюллетеньді пайдалануды өз еркімен таңдайды.

 

17-тармақ. Дауыс берушінің еркін білдіруін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз болып саналады. Егер бюллетеньде дауыс берушінің еркі бір кандидат бойынша білдірілсе, ал басқа кандидаттар бойынша еркін білу мүмкін болмаса, онда дауыстарды санау кезінде дауыс берушілердің еркі «жақтап дауыс беремін» немесе «қарсымын» деген белгі бойынша анықталады. Бюллетеньге қосымша енгізілген тұлғалар дауысты санаған кезде ескерілмейді.

 

18-тармақ. Мөрленген урнаны ашу есеп комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Есеп комиссиясы жасырын дауыс берудің нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Есеп комиссиясы төрағасының баяндамасы бойынша жалпы отырыс ашық дауыспен есеп комиссиясының хаттамасын бекітеді. Жалпы отырыстың шешімі бойынша дауыс беру нәтижесі бюллетеньдермен салыстырылып тексерілуі мүмкін.

 

19-тармақ. Жалпы отырыс қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмысты облыстық соттың баспасөз қызметі ұйымдастырады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өздерінің жалпы отырыс мәжілістеріндегі қызметін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға және осы Регламентке сәйкес жүргізеді.

 

20-тармақ. Жалпы отырыс қызметіне жағдай жасау, мәжіліске және оның материалдарына аудармашы тарту, мәжіліс залдарын техникалық жағынан жабдықтау облыстық соттың кеңсесіне жүктеледі.

 

  2-тарау. Сот алқаларының құрамдарын бекіту, сайлау, кандидатураларды бекіту,  ақпараттарды тыңдау, ант қабылдау

 

21-тармақ. Облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сот алқаларының сандық және дербес құрамдары облыстық соттың төрағасының ұсынымы бойынша жалпы отырыста ашық дауыс беру түрімен көпшілік дауыспен бекітіледі.

Алқа құрамына жаңадан сайланған судьялар облыстық соттың төрағасының ұсынымы бойынша жалпы отырыста бекітіледі.     

 

22- тармақ. Жыл сайын облыстық соттың төрағасының ұсынымымен жалпы отырыс соттың келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылайды. Талқылау қорытындысы бойынша жалпы отырыс облыстық соттың жалпы отырысқа қатысушы судьяларының көпшілік дауысымен облыстық соттың келесі жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуге ұсынады.

 

23-тармақ. Жалпы отырыс сот тәжірибесін талқылайды және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды. Сот тәжірибесін талқылау облыстық сот судьясының баяндамасы мен оған қосымша баяндама түрінде жүргізіледі. Сот тәжірибесін жинақтаудың қорытындылары бойынша жалпы отырыс облыстық сот судьяларының көпшілік дауысымен соттардың назарын сот тәжірибесінің проблемалық мәселелеріне аударады, оларды шешудің әдістерін ұсынады.

 

24-тармақ.  Облыстық соттың төрағасының ұсынымы бойынша ашық дауыс беру түрімен жалпы отырыс хатшысы бекітіледі және облыстық соттың, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары Сот жюриінің құрамына ұсынылады.

 

25-тармақ. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының ұсынымы бойынша сот төрелігін іске асыруының сапасы төмен немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты ұдайы бұзуға жол берген аудандық және оған теңестірілген сот төрағалары мен судьяларына қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды.

Талқылаудың нәтижесі бойынша жалпы отырыс судья жөніндегі материалдарды Сот жюриіне беру немесе беруден бас тарту туралы облыстық соттың жалпы отырысқа қатысушы судьяларының көпшілік дауысымен шешім шығарады.

 

26-тармақ. Жалпы отырыс облыстық сот төрағасының ұсынымы бойынша судьяның доғарысқа кету құқын бекіту жөніндегі материалды Сот жюриіне жіберу мәселесін талқылайды.

Талқылаудың нәтижесі бойынша жалпы отырыс судья жөніндегі материалдарды Сот жюриіне беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді ашық дауыс беру түрімен облыстық соттың жалпы отырысқа қатысушы судьяларының көпшілік дауысымен қабылдайды.

 

27-тармақ. Жалпы отырыс облыстық сот судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының бос қызмет орнына кандидатураларды қарайды және оның нәтижесі бойынша тиісті қорытындылар береді.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының бос қызмет орнына кандидатуралар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасымен баламалы негізде ұсынылады.

Облыстық сот судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының бос қызмет орнына кандидатураларды талқылау осы лауазымға үміткерлердің сауалнамалық деректерін жариялаудан басталады. Әрбір кандидатура бойынша қорытындылар облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен ашық немесе құпия дауыс беру арқылы қабылданады. Кандидатуралар бойынша лауазымға ұсыну немесе ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылданады.

Үміткерлер облыстық соттың кадр резервіне жалпы отырыстың шешімі бойынша тіркеледі.

Кадр резерві жөніндегі облыстық комиссияның аудандық соттың төрағалары мен алқа төрағаларына қатысты шешімі жалпы отырыстың қарауына ұсынылады және жалпы отырыс комиссияның шешімімен келісу туралы немесе оның күшін жою туралы қаулы қабылдайды. Жалпы отырыс комиссия шешімімен келіскен жағдайда, судьяның аты-жөні аудандық соттың төрағалары мен алқа төрағаларының кадр резервіне қою тізіміне енгізіледі.

28-тармақ. Жалпы отырыста судья қызметіне кандидаттардың тағылымдамадан өту нәтижесі қаралады және Жоғарғы Сот Кеңесіне тиісті қорытынды беріледі. Бұл мәселе бойынша шешім облыстық сот судьяларының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылдайды.

 

29-тармақ.  Жалпы отырыс қаулысы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады. Жалпы отырыста қабылданған шешімдердің орындалуына бақылау жасау жалпы отырыс хатшысына, ал жауапкершілік нақты орындаушы тұлғаға жүктеледі. 

 

30-тармақ.  Алғаш рет алқа төрағасы, облыстық соттың судьясы, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары лауазымына тағайындалғандар жалпы отырыста судьяның антын қабылдайды. Ант салтанатты түрде мемлекеттік тілде қабылданады.  

 

3-тарау. Қорытынды ережелер

 

31-тармақ.  Регламент қабылдаған күннен бастап күшіне енеді.

 

32-тармақ. Жалпы отырыстың Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар оның отырысында қабылданады және қаулымен рәсімделеді.

 

33-тармақ.  Осы Регламенттің ережелерін түсіндіру жалпы отырыспен жүзеге асырылады.