Маңғыстау облыстық сотында үміткерлер судьялыққа кандидатқа арналған бір жылдық тағылымдамадан өту үшін оң қорытынды алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттар бойынша судьялыққа кандидаттар арасынан бір жылдық тағылымдамадан өтетін тұлғаны іріктеу комиссиясының  отырысы өтті.

Кандидаттар туралы мәліметтер Маңғыстау облыстық сотының интернет-ресурсында жарияланды. Судьялыққа үміткерлер тағылымдамасынан өтуге қатысу үшін құжат тапсырған тұлға жөнінде өздерінің жеке пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Кандидаттардың міндеттеріне істі сот отырысына әзірлеу әрекеттері, процестік құжаттардың жобаларын дайындау, судьяға процестік заңнамада көрсетілген әрекеттер бойынша өз ұсыныстарын енгізу, судьяның қарауындағы істер бойынша келіп түскен сұрау мен жүгінулерге жауаптардың жобасын әзірлеу және сынақтан өту міндетінің басқа да қызметтерін атқару кіреді. Үміткерлер жоспарды орындау барысында өзінің тағылымдама жетекшісіне әр тоқсан сайын есеп береді. Үміткерлер он бір ай бойы бірінші сатыдағы соттарда тәжірибе жинайды. Тағылымыдаманың қалған бір айы облыстық сотта өтеді.

Осыған орай, Маңғыстау облысының аудандық соттарында төменде көрсетілген үміткерлер судьялыққа тағылымдамадан өтуге оң қорытынды алғандығын тұрғындардың назарына ұсынамыз.

 

Аты-жөні

Жұмыс орны, қызметі

1

 Нұрғабылұлы Қанат

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің) басшысы

2

Кенжеева Лариса Мадениетқызы

Қарақия аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Осы үміткерлер жөніндегі пікірлеріңізді, қосымша ақпараттарыңыз және мәліметтеріңіз болса, Маңғыстау облыстық сотына  жолдауларыңызға болады.

Мекенжайымыз: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 8 шағын ауданы,  39 «В» ғимараты,  байланыс телефондары:  70-14-40,            70-14-04.

 

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің

персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі)