Мал сатқан шопан рақымшылық заңымен жазадан босатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеу аудандық сотында сотталушы М-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 1-бөлігімен (яғни, өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыстық іс қаралған.

Сотта анықталғандай, М. шопан болып, мал бағып жүріп, өзіне сеніп тапсырылған жәбірленуші Ж-ның малдарын жалғыз өзі жымқырып, сатып, жәбірленушіге жалпы көлемі 630 000 теңге шығын келтірген.

Сотта М. жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін, алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайтынын, өзіне қатысты Қазақстан Республикасының 13.12.2016 жылғы №27-VІ «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдануды сұраған.

Сот үкімімен М. ҚР ҚК-нің 189-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ол рақымшылық Заңымен жазадан босатылған. Сонымен қатар, сот талқылауы барысында табылған 2 бас қой мен 1 бас лақ иесіне қайтарылды, ал, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 540 000 теңге материалдық шығын өндірілген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Бейнеу аудандық сотының Баспасөз қызметі