Архив событий

22/02/2017

Сот төрағасы майдандастарын еске алды

22/02/2017

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай, Ақтау қалалық сотының ұжымы осы соттың төрағасы, Ауған соғысының ардагері Мәлік Кенжалиевты құттықтады.

Бұрынғы жолдасының үйіне ұрлыққа түскен

22/02/2017

Бейнеу аудандық сотында сотталушы К-ға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 4-бөлімінің 3-тармағымен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде, тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы жымқырғаны үшін қылмыстық іс қаралған.

Мал сатқан шопан рақымшылық заңымен жазадан босатылды

22/02/2017

Бейнеу аудандық сотында сотталушы М-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 1-бөлігімен (яғни, өзіне сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салу, яғни жымқыру) қылмыстық іс қаралған.

Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзған

22/02/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,   И-дың  Ақтау қаласы, 5 шағын ауданында орналасқан «Душам» азық-түлік дүкенінде  Т-ға түнгі 23.00-ден соң бір шөлмек «Бавария» маркалы сыра сатқаны анықталған.

Ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті

22/02/2017

Ақтау қаласының №2 соты талапкер К-ның жауапкер Т-дан жұбайының пайдасына алимент өндіру туралы талабы бойынша азаматтық ісін қарады.

Талапкер К. сотқа жауапкер Т-дан ортақ балалары он сегіз жасқа толғанға дейін жұбайынан алимент өндіру туралы талап арыз берген.

Сотқа құрметтемеушілік білдірген

22/02/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен  Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.