Архив событий

09/02/2017

Сот отырыстарында дыбыс-бейнежазу жүйесін қолдану мәселелері талқыланды

09/02/2017

Маңғыстау облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Сот отырыстарында дыбыс-бейнежазу жүйесін қолдану» атты тақырыпта  семинар өткізілді.

Шараға судьялар және сот қызметкерлері қатысты.

Сот судьялары тікелей эфирде сұхбат берді

09/02/2017

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Бақытжанова  және Мұнайлы аудандық сотының төрағасы Б.Елемесов «Қазақстан-Ақтау» телеарнасындағы  «Менің құқығым» бағдарламасында  тікелей эфирде сұхбат берді.

Тәртіпке бағынған құл болмайды

09/02/2017

Бейнеу аудандық сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 1- бөлігімен, яғни билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлағаны және 379-бабының 1-бөлігімен, яғни билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін  М. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралған.

Бейнеуде 41 сотталған тұлға рақымшылыққа ілігіп, жазадан босатылды

09/02/2017

Бейнеу аудандық сотында Бейнеу аудандық пробация қызметінің 41 сотталғандарына қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдану туралы ұсынымы бойынша жадығаттары қаралды.