Архив событий

17/02/2017

Қайталап жасалған әрекет үшін қамаққа алынған

17/02/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігімен (Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер) А-ға қатысты әкімшілік іс қаралған.

Балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы дау партисипативтік келiсiммен аяқталды

17/02/2017

Талап қоюшы Е. сотқа жауапкер Т-ға балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап қою арызымен жүгінген. Тараптардың ортақ некеден туған екі балалары бар.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері адвокаттар сотқа дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, оны бекітіп беруді сұраған.