Архив событий

24/02/2017

Әкімшілік қамаққа алынған

24/02/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлігімен (Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік қамаққа алынған

24/02/2017

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігімен  М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М. өзінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольден масаң күйде «Шетпе-Шайыр» жолында «Уаз» маркалы автокөлігін басқарған.

Медиация тәртібімен отбасы сақталды

24/02/2017

Түпқараған аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс кәсіби емес  медиатордың қатысуымен тараптардың медиативтік келісім жасасуына байланысты  аяқталды.

Облыстық сот алқасымен бітімгершілік келісімі бекітілді

24/02/2017

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның жауапкер М.-дан қайтарылма ақшалай қаражат беру туралы келісім шарт бойынша қарызды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.