Архив событий

15/02/2017

Сот отырыстарында дыбыс-бейнежазу жүйесін қолдану мәселелері талқыланды

15/02/2017

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот отырыстарында дыбыс-бейнежазу жүйесін қолдану» атты тақырыпта  семинар өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Р.Бимагамбетов және сот қызметкерлері қатысты.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/02/2017

Мұнайлы аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ш. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Қылмыстық істер мен материалдарды тіркеу мәселелері талқыланды

15/02/2017

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесінде қылмыстық істер мен материалдарды тіркеу және оларды толтыру» атты тақырыпта  семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға  кеңсе меңгерушісі Р.Бимагамбетов және сот қызметкерлері қатысты.

Сот шешімімен тұрғын үй кезегіне қайта тіркелді

15/02/2017

Ақтау қаласының № 2 сотында талапкер С.-ның жауапкер Ақтау қаласы әкімдігіне келтірген шағымымен «Ақтау қалалық әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының хаттама шешімінің тұрғын үй беруден бас тарту туралы бөлігін заңсыз деп тану туралы» азаматтық іс қаралған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/02/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер Ш. мен жауапкер Г. арасындағы дау бойынша медиациялық келісім бекітілген.

Сот барысында тараптардың бірге тұрған уақытында жылжымалы және жылжымайтын ортақ меншік мүліктің бар екені анықталған.

Қарыз өндірілді

15/02/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер А-ның  жауапкер К-ден қарыз соманы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтақ іс қаралған.

Жауапкер К. қарыз беру қолхатын жазған, оған сәйкес соңғысы талапкер А-ға берешекті қайтаруға міндеттелген.