Архив событий

07/02/2017

Медиация тәртібімен отбасы сақталды

07/02/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер Т-ның жауапкер Д-мен арасындағы тіркелген некесін бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту туралы өтініш жасады.

Серіктестіктің директоры сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапқа тартылды

07/02/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен  талап қоюшы жеке кәсіпкер Т-ның жауапкер «Научно-производственный центр «Мангистау геология» ЖШС-нен келісім шартты бұзу, келтірген зиян сомасын және тұрақсыздық айыпақыны өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот орындаушысына атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша келмеу

07/02/2017

 Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында  азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.    

Азамат А. 15.09. 2016 жылы сағат 09:00-ге шақырылған сот орындаушының шақыру қағазын ала тұра, сот орындаушысына сот бұйрығын орындау мәселесі бойынша түсінік беру үшін келмеген.

Елбасы ұсынған Жолдау талқыланды

07/02/2017

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша жедел кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес отырысына сот төрағасы А.Избасаров, судья Г.Шаров және сот қызметкерлері қатысты.

Ювеналдық соттардың құрылғанына 5 жыл

07/02/2017

2012 жылы 04 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі, яғни Ювеналды соттарды құру туралы №266 Жарлығына қол қойды.