Архив событий

08/02/2017

Баласы әкесінен оқуға төлеу үшін алимент өндірді

08/02/2017

Ақтау қаласының № 2 сотында талапкер М-ның жауапкер Д-дан  алимент өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер М. сотқа әкесі Д-дан  ақылы бөлімде оқитындығына, қаражат жетпейтіндігіне және жауапкер материалдық көмек көрсетпейтіндігіне байланысты алимент өндіру туралы талап арыз берген.

Тауарды сатып алу, сату шарты бұзылған

08/02/2017

Ақтау қаласының № 2 сотында  талапкер М-ның жауапкер Л-дан сатып алу-сату туралы шартты бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер М. сотқа Л-дан жарнамада жариялаған сату объектісінің сипаттамасы туралы ақпараттың сатылған тауардың өзіне сәйкессіздігіне байланысты сатып алу-сату шартты бұзу туралы талап арыз берген.

Тараптар медиациялық келісімге келді

08/02/2017

Ақтау қаласының №2 сотында  талап қоюшы Г. жауапкерлер И.-ға, А.-ға қатысты мүлікті бөлу  туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, даулы мүлік Ақтау қаласында орналасқан 4-бөлмелі пәтерден тұрады.

Коммуналдық қызметтер үшін қарыз ақша өндірілді

08/02/2017

Ақтау қаласының №2 сотында МКК-ның  тұтынылған қызметтер үшін қарыз ақшаны өндіру туралы арызы қаралды.

МКК су тұтыну қызметі Т-дан  2015-2016 жылдары қарыз болған 24 562 теңге және өсімпұл 2 032 теңге өндіру туралы сот бұйрығын шығару туралы арыз берген.

Қарыз ақша өндірілді

08/02/2017

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Б-ның  жауапкер И-дан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Аудандық сотта Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды

08/02/2017

Түпқараған аудандық сотында «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы талқыланды.

Іс-шараға сот төрағасының м.а. Ғ.Орахов және судьялар, сот қызметкерлері қатысты.