Архив событий

01/02/2017

Маңғыстауда техникалық құралдарды сот залдарында қолдану тәртіптері талқыланды

01/02/2017

Маңғыстау облыстық сотында «Техникалық құралдарды сот залдарында қолдану тәртіптері» тақырыбында семинар өткізілді. Шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Е.Қарабаев, облыстық соттың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьясы А.Молбаева, облыстық соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері, «Күзет» басқармасының өкілдері, сот приставтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жанұя тыныштығын бұзушы 10 тәулікке қамаққа алынды

01/02/2017

Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралған.

Сот отырысында анықталғандай, азамат Б. үйіне арақ ішкен мас күйінде келіп, зайыбы Г-ның ар-намысына тиетін лас сөздер айтып, сыйламаушылық көрсетіп, жанұя тыныштығын бұзатын әрекеттерді бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Коммуналдық қызмет үшін төлемақы қарыз өндірілді

01/02/2017

Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-ның жауапкер А -дан 398 437 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарды өндіру туралы азаматтық ісі  қаралды.

Іс Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің  145-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшысына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған.

Жол жүрісі қауіпсіздігін бұзған

01/02/2017

Ақтау қалалық сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс өндіріспен қаралып, аяқталған.  Сотталушы А., Ақтау қаласы, 16 шағын ауданда орналасқан «Ақбөкен» бизнес орталығына қарама қарсы тас жолда, «Gaz 31105 120» маркалы автокөлігін басқарып, ҚР-ның Жол қозғалысы ережелерінің 1.6 тармағында көрсетілген «жол қозғалысына қатысушылар қозғалысқа қауіп туғызбайтын және зиян келтірмейтіндей іс-қимыл жасауы тиіс» және 14.1 тармағында көрсетілген талаптарды өрескел бұзған.