Қоғамдық орынға алкогольдік ішімдік ішкен күйде келген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер)  С-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, С. бұрын алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартыла тұра,  Ақтау қаласы 4 шағын аудан, 49 үйдің жанында  алкогольдік ішімдік ішкен және адамның қадір-қасиетіне әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келетіндей мас күйінде жүрген.

Сотпен С. жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі