Қоғамдық орында тәртіп сақтамаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында азамат Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.           

Сот отырысында анықталғандай, азамат Х. бұрын екі рет қоғамдық орында ішкілікті күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра, ескіру мерзімі аяқталмай, тағы да көшеде келе жатқанда, Жаңаөзен қаласының ішкі істер органы қызметкерлеріне ұсталған.

Сот қаулысымен Х. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен (осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) кінәлі деп танылып, оған 4 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі