Әкімшілік қамаққа алынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігімен  М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М. өзінің көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, алкогольден масаң күйде «Шетпе-Шайыр» жолында «Уаз» маркалы автокөлігін басқарған.

Сот М-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі