Әкімшілік қамаққа алынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 6-бөлігімен (Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту, сол сияқты қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірмеген, бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамауы) әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  №21814 әскери бөлімінің әскери қызметшісі  қатарындағы жауынгер Т.  бөлім командирі мен лазарет кезекшісінің белгілеген тәртіпте берген  заңды бұйрығын орындамаған.

Сотпен Т. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып,  2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

 Қаулы заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі