Жұмысқа қайта орналасу туралы талап қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер Б-ның жауапкер жұмыс берушіден жұмысқа қайта орналастыру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта Б. мен жұмыс берушінің арасында еңбек шарты жасақталғаны және еңбек шартының негізінде оның жұмысқа қабылданғаны анықталды. Сонымен қатар, аталған еңбек шартына қосымша келісім жасақталып, талапкер Б. құрылыс-монтаждау объектісіне жұмыс жасау үшін жіберіліп, ол вахталық әдіспен жұмыс жасаған. Талапкер вахтаға уақытында шықпай қалған кезінде, жұмыс беруші оны жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарып, арадағы еңбек шартын бұзған. Талапкердің вахта әдісімен жұмысқа белгілі себептермен шықпай қалғаны анықталып, сот жұмысшы құқығы жұмыс беруші тарапынан бұзылған деп тапты.  

Сот талапкердің арызын қанағаттандырып, оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, жұмысқа қайта орналастыру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі