Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келтiрген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотында  К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  К. Жаңаөзен қаласы, Шұғыла шағын ауданы, №18/19 үйінің жанындағы  тас жолда жаяу жүргіншілер өтпесі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргінші Д-ны қағып кетіп жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зақым келтiрген.

Сот қаулысымен К.  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен (жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер) кінәлі деп танылып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31 815 теңге айыппұл жазасы және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі