Жауапкерден 50 000 теңге моральдық зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер С-ның жауапкер Б-дан  қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта жауапкер Б. алкогольдік ішімдік ішуінің салдарынан жұмыс істейтін «Тамшалы» ТК-нің аумағында орналасқан күзет мекемесінің ішінде күзет қызметкерімен әңгімелесу барысында С-ның қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне тіл тигізетін мәліметтерді айтқан. Сот отырысында талапкердің заңды құқықтары бұзылғаны анықталды.

Сот талапкердің талап арызын ішінара қанағаттандырып, оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, жауапкерден 50 000 теңге моральдық зиян өндіру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі