Жаңаөзен қалалық сотының судьялары Елбасы мақаласын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында «Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Жаңаөзен қалалық сотының судьялары, сот қызметкерлері, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған  судья Айзада Сейлханова «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы  елдік мұратты санамызда қайта жандандырумен құнды. Бұл мақала ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық  сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық мақала. Ал, рухани жаңғыру әлемнің отыз  озық елінің қатарына қосылуды мұрат еткен мемлекетімізге күш берері, талабын еселері сөзсіз. Елбасының дәл қазіргідей дағдарыс кезінде дамуды рухани жаңғырумен байланыстыруының мәні де осында деп ой түйдік. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу»,- деді.

Сондай-ақ, ол әкімдікке бірқатар әкімшілік –географиялық нысандар мен көшелерге туған жерден түлеп ұшқан би-шешендердің, ұзақ жылдар бойы сот жүйесінде абыройлы, ел мүддесі үшін қызмет еткен қазылардың, ақын-жазушылардың есімдерін беру ұсынылғанын атап өтті.

Дөңгелек үстел шеңберінде қатысушылар өзара пікір алмасты. Аталған тақырыптың мәселелері талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары қаралды.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі