Заңды тұлғаға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463 бабы 1 тармағы бойынша (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) «Golden Towers» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

ЖШС-нің мүліктік кешенін электрмен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізген кезде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 бабы 12 тармағы бұзылып, құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталуы туралы архитектуралық-құрылыс мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органды хабарлау бойынша шаралар қабылданбаған.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 56 725 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі