Үлестік өтемақы өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер Н. жауапкерлер Н.У., Н.А., Н.Е. және Н.Е.-дан барлық мүлік құнынан 10% үлестік өтемақы  өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Іс қарауы барысында талапкердің отбасы 1994 жылы Түркменстан Республикасынан  Жаңаөзен қаласына қоныс аударғаны, мұнда ұлы Н.Ш.-ның атына 3 бөлмелі пәтер, содан біраз уақыттан соң тағы да бір  бөлмелі пәтер мен жер учаскесін сатып алғандары, Н.Ш.-ның қайтыс болуына байланысты талапкер мен жауапкерлер  мұрагерлері болып табылатыны, талапкердің пәтерлерден және тұрғын үйден 10/1 үлес бөлінгені, сотта талапкер мүлікті бөліп беруді сұрағаны анықталды. 

Сот шешімімен Н.-ның талап арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерлерден оның пайдасына жылжымайтын мүліктің 10/1 бөлігі есебінде ақшалай 3 032 007 теңге, құқықтық көмек көрсеткені үшін 150 000 теңге және мемлекеттік баж салығы 30 321 теңге өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

 

 

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі