Тараптар келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының ауданаралық экономикалық сотына ЖК «C&A» С.Сенбаеваның  жауапкер  «Индустриальный парк Мангистау» ЖШС-нен 8 923 225 теңге қарыз ақша, 493 606 теңге  өсімпұл өндіру туралы  талап  қою  арызы оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу  тәртібімен қабылданды.

Азаматтық іс бойынша  тараптар  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу  туралы  ортақ  келісімге  келді.

Шарт бойынша: үшінші  жақ - «СП «Caspi Bitum» ЖШС жауапкер «Индустриальный парк Мангистау»  ЖШС-нің 8 923 225 теңге  қарызын  өз мойнына  алып, талап  қоюшы  ЖК «C&A» С.Сенбаеваға 15 жұмыс күн  ішінде төлеп  беруге   міндеттенді.

Тараптар  дауды  медиация  тәртібімен шешу  жөнінде  келісімге келуіне байланысты,  талап қоюшы  талап  арыздан бас тартты.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауларына байланысты соттан оны бекітуді  сұрады.

Сот,  тараптар жасаған  келісіммен танысып, оның үшінші  жақтың  құқығына  нұқсан  келтірмейтінін, өзінің  мазмұны  бойынша  заңға  қайшы  келмейтінін ескеріп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді  бекітті.

Сот талап  қоюшыға талап арыз берген кезде  төлеген мемлекеттік баж   салығын  қайтарды.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.

 

 

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі