Студенттер Ақтау қаласының №2 сотының жұмысымен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылық  айлығы аясында Ақтау қаласының №2 сотында «Тәуелсіз сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең. Сот жүйесіндегі заманауи технологиялар және электрондық сервистер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.  

Аталған іс-шараға облыстық соттың судьялары А.Молбаева, Н.Комарова, Ақтау қаласының №2 сотының судьялары, «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары және  студенттері қатысты.

Шара  барысында облыстық соттың судьясы А.Молбаева «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде сот жүйесі де жаңа  технологиялар, электронды сервистермен толыққандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол болашақ заңгерлерге «Сот кабинеті», «Төрелік» жүйелерінің жұмысы туралы толық мағұлмат берді.

Одан соң студенттер соттың ғимаратын аралап, кеңсе қызметкерлерінің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, оларға судья кабинеттері, кодификация, мәжіліс залдары мен мұрағат көрсетілді.

Шара  соңында студенттер   ашықтық пен жариялылық салтанат құрған сот қызметіне деген қызығушылықтарын жеткізіп,  мұндай іс-шаралар жиі өткізілсе деген тілектерін білдірді.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі