Архив событий

21/04/2017

Медиативтік келісім бекітілді

21/04/2017

Ақтау қаласының №2 сотында  талапкер И-дің  жауапкер «Е» ЖШС-нен жалақыны   өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Талапкер И. сотқа берген талап арызында 01.10.2014 жылдан бастап осы күнге дейін жалақы, пайдаланбаған еңбек демалысының күндеріне өтемақы, өсімақы  барлығы  7 272 589 теңге өндіруді сұраған.  

Ұзақ бұзақылық жасаған

21/04/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) Б-ға қатысты әкімшілік іс

Сот ұжымы ардагерді құттықтады

21/04/2017

Бейнеу аудандық сотының ұжымы 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсыңында Ұлы Отан соғысының ардагері М.Қарабатыровты құттықтап, арнайы  сыйлықтар  табыс етті.

Бүгінде Бейнеу ауданында тұратын соғыс ардагері  ұл –қыз тәрбилеп, немере-шөбере сүйіп отыр. М.Карабатыров Сталинградтағы шайқаста қатардағы жауынгер, жалпы атқыш болған. 

Жасы 93-ті алқымдаған қарияның өмірі мен еңбек жолы көпке үлгі.

Соғыс ардагері  өзін елеп-ескерген сот ұжымына алғысын айтып, Отанымыз тыныш, елімізде бейбітшілік болсын деген ақ тілегін жеткізді.  

 

 

Сот шешiмiн орындамағаны үшін айыппұл салынды

21/04/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған

21/04/2017

Ақтау қалалық сотында сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы К.,  Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра,  алкогольдік масаң күйде автокөлік айдап, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Судья дауды соттан тыс реттеу мен татуластыру рәсімдері туралы дәріс оқыды

21/04/2017

Мемлекет басшысының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.