Архив событий

07/04/2017

Жауапкер талап қоюды мойындады

07/04/2017

 

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы талапкер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның  жауапкер Б-дан   1 753 399 теңге, 86 тиын оның ішінде, негізгі қарыз  1 492 360 теңге, 01 тиын, мерзімі өткізілген сыйақы 122 676 теңге, 91 тиын, мерзімі өткізілген сыйақыға көтеріңкі сыйақының тұрақсыздық айыпақысы 6973 теңге, 31 тиын,  мемлекеттік баж салығын төлеуге жұмсалған 52 602 теңге өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Қайталап ұсақ бұзақылық жасаған

07/04/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 2-бөлігімен (Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер)  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Әкімшілік қамаққа алынған

07/04/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен, (яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.