Архив событий

25/04/2017

Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Конституция заңдарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар талқыланды

25/04/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Қазақстан Республикасының Конституциясына және конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға соттың төрағасы Ө.Садықов, судьялар және сот қызметкерлері қатысты.

Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған

25/04/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай,  Е. Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағын ауданында орналасқан «ККС мекемесі» алдындағы тас жолда автокөлігіне көрінеу жалған нөмір тағып жүргізу барысында жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Болашақ заңгерлер әкімшілік соттың жұмысымен танысты

25/04/2017

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық сауаттылық  айлығы аясында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары және  студенттерімен кездесу өткізілді.