Архив событий

26/04/2017

Сот отырыстарында дыбыс - бейнежазба құрылғысын қолдану мәселелері талқыланды

26/04/2017

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  «Аудио- бейнежазба құралдарын техникалық қолдану» атты тақырыпта семинар өтті.

Іс-шараға кеңсе меңгеруші Н.Самендирова және сот мәжілісінің хатшылары қатысты.

Экология департаментінің талабы қанағаттандырылды

26/04/2017

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» республикалық ММ-і «Қаражанбасмұнай» АҚ-на тұрмыстық қатты қалдықтарын орналастыруға арналған алаңның тиісті жобалық құжатсыз және экологиялық қорытындысыз пайдалануына байланысты тоқтата тұру туралы талабымен сотқа жүгінген.  

20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған

26/04/2017

Мұнайлы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, М., автокөлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосындағы орталық тас жол бойында автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарған.

Жол-патрулдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған

26/04/2017

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай,   Н. көлік құралын басқару  құқығы жоқ бола тұра Жаңаөзен қаласы, Рахат-1 шағын ауданы, №12 көше тас жолында  автокөлігін басқару барысында  жол-патрульдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.

Құқықтану факультетінің студенттерімен кездесу өтті

26/04/2017

Жергілікті соттардың кеңселеріне мамандарды жұмысқа тарту мақсатаныда Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің    құқықтану факультетінің бітіруші түлектерімен  кездесу өткізілді.