Архив событий

12/04/2017

"Ашық есік" күні өтеді

12/04/2017

21 сәуір 2017 жылы сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін Мұнайлы аудандық сотында «Ашық есік» күні өтетінін хабарлаймыз. Іс-шара барысында аудандық сот төрағасы Бауыржан Жаумытбайұлы Елемесов азаматтарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап береді.

Өтетін орны: Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Қоғамдық ұйымдар ғимаратының 2 қабаты, Мұнайлы аудандық соты.  

Өндірушінің талабы сот бұйрығымен қанағаттандырылды

12/04/2017

Жаңаөзен қалалық сотында  талапкер «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның борышкер К-дан пайдаланған газ үшін 31 038 теңге  коммуналдық төлемақы қарызын және сот шығындарын өндіру жайлы сот бұйрығын шығару туралы азаматтық іс қаралды.