Архив событий

24/04/2017

Сот шешімімен полигон жұмысы тоқтатылды

24/04/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған  экономикалық   сотында «Маңғыстау облысының экологиялық департаменті» РММ  «Теңіз мұнай компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС-нің  «Боранкөл кен орнындағы мұнай қалдықтарын, қазу қалдықтарын және майланған грунттарды орналастыратын полигон» жұмысын  тарату қорын құрғанға дейін  тоқтату туралы талап арызбен жүгінген.

Берешек сот бұйрығымен өндірілді

24/04/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында өндіріп алушы Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны борышкер «Ф» ЖШС-нен пайдаланған электр үшін 686 317 теңге  қарызын өндіру жөніндегі сот бұйрығын шығару туралы арызы қаралды.

Қорғау нұсқамасын бұзған

24/04/2017

Қарақия аудандық сотында Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ж-ға  19.03.2017 жылы Қарақия аудандық ІІБ-мен Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сай қорғау нұсқамасы қойылған.