Архив событий

18/04/2017

Маңғыстау облысының экономикалық сотында дау партисипативтік келісімімен аяқталды

18/04/2017

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің  жауапкер «М» ЖШС-нен қарыз ақшаны және айыппұл өндіру туралы азаматтық іс бойынша партисипативтік келісім жасалды.

Үлескерлермен байланысты дау бітімгершілік келісімімен аяқталды

18/04/2017

Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Альфа-Тур Актау» ЖШС жауапкер «Ақтау қаласының медициналық колледжі» мекемесіне ортақ үлесте пайдалануға берілген жер учаскесіндегі өз үлесін анықтау туралы талап арызбен жүгінген.

Студенттер мен оқытушылар Ақтау қалалық сотында болды

18/04/2017

Маңғыстау облыстық соты мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті арасындағы Меморандумды іске асыру және құқықтық саясат айлығы аясында «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары мен студенттері Ақтау қалалық сотында болды.