Сот орындаушысының іс-әрекеті заңды деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот орындаушы өзінің өндірісіндегі атқару құжатын орындау мақсатында борышкер ЖШС-нің меншігіндегі темір құбырларға тыйым салып, олардың нарықтық құнын бағалаған.

Борышкер ЖШС, сот орындаушысының бұл әрекеттерімен келіспей, сотқа шағым келтіріп, оның өндірісіндегі бағалау есебі өте төмен деген себеппен, оның есепті қабылдауын заңсыз деп тануды сұраған.

Сот отырысында, борышкер ЖШС-нің 227 976 726 теңге қарызы бар екені, темір құбырларды сату арқылы қарызын жабуға мүмкіндігі бола тұра, борышкердің  ұзақ уақыт қарызын төлеуден жалтарып жүргені анықталды.

Сот шешімімен сот орындаушысының іс-әрекеті заңды деп танылды.

Сот шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі