Сот мүліктік үлесті тең бөлді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы К.-ның жауапкер Ж.-дан ортақ мүліктегі үлесін 100 пайыз деп анықтау, сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс  қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, тараптар 1998 жылдан бері заңды некеде тұрған, 2015 жылы сот шешімімен некелері бұзылған. Ортақ некеде болған кезде несиеге сату-сатып алу шартына сай Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, 1 үй, 73-пәтерін сатып алған. Аталған пәтер жауапкердің атына тіркелген.

Сот заң талаптарын басшылыққа алып, сот отырысында анықталған мән-жайларды ескеріп, аталған пәтердегі тараптардың үлесін тең деп анықтау туралы шешім шығарды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі