Сот азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында Д-ның қалалық әкімдік атына келтірген қызметтік пәтер алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, арыз беруші құқық қорғау мекемесінде жұмыс жасап жүріп, әкімдікке қызметтік пәтер беру туралы арызбен жүгінген. Алайда, әкімдік оның басқа елді мекенде тіркеуде тұратынын негізге алып, оған қызметтік пәтер беруден бас тартып, кезектен алып тастаған. 

Сот талқылауы барысында арыз берушінің Мұнайлы ауданында тек тіркеуде тұрғаны, ал Ақтау қаласында пәтер жалдап тұратыны және 1998 жылдан бері Маңғыстау облысында жұмыс жасайтыны, оның ішінде нақты Ақтау қаласында 2006 жылдан бері тұрақты жұмыс жасайтыны анықталды.

Сот, аталған мән-жайларды негізге алып, арыз берушінің арызын қанағаттандырып, оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі