Сату-сатып алу шарты жарамсыз деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талап қоюшы И.-дің пәтерді сату-сатып алу шартын жарамсыз деп тану туралы арызы қаралды.

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында анықталғандай,  талап қоюшы  И. К-дан  қарызға 20 000 АҚШ долларын беруді сұраған, жауапкер талапкердің қаржылық, тұрмыстық жағдайының қиын екенін пайдаланып, қарыз беру шартының орнына пәтерді сату-сатып алу шартын жасауды талап етіп, егер үш айда қарыз қайтарылса пәтер қайтарылады деп келісілген. Талап қоюшы басқа амалы болмағандықтан, еріксіз көніп, тараптар сату-сатып алу шартын жасасқан. Келісім шарт нотариуспен куәландырылған.

 Ал, сот отырысында сату-сатып алу шартында көрсетілген соманың, шарт жасасқан уақытта талап қоюшыға берілмегені анықталды, оны талап қоюшы мен нотариус растады. 

 Сот шешімімен талап арыз толық қанағаттандырылып, сату-сатып алу туралы шарт жарамсыз деп танылды.

 Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі