Рақымшылық Заңын қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында «Рақымшылық заңының қолданылуы» атты тақырыпта  брифинг өткізілді.

Шараға аудандық соттың төрағасы Б.Шайдуллин және судьялар, сот қызметкерлері мен БАҚ өкілі қатысты.

Шара барысында сөз алған Б.Шайдуллин Елбасы 2016 жылдың 13 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне орай Рақымшылық туралы» Заңына қол қойғандығын атап өтті.

Сондай-ақ, ол ізгілік қағидатын басшылыққа ала отырып, рақымшылық жасау негізінен жасаған қылмысының маңызы шамалы және ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтағы әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға, кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, егде жастағы адамдардарға, мүгедектерге қолданылатындығына түсіндірме берді.

Кешірім жасау актісі заң бұзған азаматтардың өзгеруіне және өмірін қайтадан бастауына мүмкіндік береді.

Заң қабылданғаннан бастап Қарақия аудандық сотымен 3 қылмыстық іс, пробация қызметінен 14 жадығат түсіп, рақымшылық заңы қолданылған.

Брифинг соңында сот төрағасы БАҚ тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі