Ортақ мүлікті күтіп ұстауға және пайдалануға арналған міндетті төлемдер бойынша берешек қарыз өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотына «М» ПИТК талап арызбен жүгініп, жауапкер М. есімді азаматтан ортақ мүлікті күтіп ұстауға және пайдалануға арналған міндетті төлемдер бойынша 84 579 теңге берешегін өндіруді сұрады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-бөлігінің 1-тармақшысына сай, іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Сотта талапкердің ортақ мүлікті күтіп ұстауға және пайдалануға арналған міндеттерді заң талаптарына сәйкес тиісінше орындағанымен, жауапкердің төлемақыны өтемегені анықталды. 

Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен талап қоюшы «М» ПИТК-нің талабы толық қанағаттандырылып, талапкерден берешек қарыз өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі