Ортақ мүлік тең бөлінді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында ерлі-зайыптылар арасындағы ортақ мүлікті бөлу туралы азаматтық іс медиативтік келісіммен аяқталды.

Сот отырысында тараптар дау бойынша өзара келісіп, жасақталған медиативтік келісімдерін ұсынып, соттан оны бекітуді сұрады.

Медиативтік келісім бойынша тараптар некеде тұрған кезде алған ортақ мүлікті өздерін қанағаттандыратын шарттармен  бөліп алуға  келіскен және талапкер К. талап арызынан бас тартқан.

Соттың ұйғарымымен  тараптар арасындағы медиативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік баж салықтары талапкерге қайтарылды.

 Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі